РусҚазEng

ЖОБА 04 / ҚАЛЫПТАР

Шахматқа арналған алюминий қалыптар

Тапсырыс беруші құйған қайта өңделген пластик фигуралар
Тапсырыс беруші құйған қайта өңделген пластик фигураларДизайн · 3D · 2 қалып · құю — тапсырыс беруші · 2025
  • 2 алюминий қалып
  • Фигураларға 240 г, бір бүркуде 80 г
  • Fusion 360 · мамыр 2025

ТАПСЫРМА

Қол станогының мүмкіндігіне сай қалып.

Тапсырыс беруші міндеті

Eco Network пен Ecohub.almaty қайта өңделген PET-пластиктен шахмат жасайды. Оларға қол термопластавтоматына — пластикті балқытып, қалыпқа бүркитін аппаратқа — арналған фигуралар мен пешкалар қалыптары қажет болды. Тапсырыс беруші тек фигуралардың өлшемдерін берді.

Өндірістік қиындық

Станок бір бүркуде 80 г пластик береді. 3D-модельдер бойынша есеп бір түсті 8 фигураға 240 г керек екенін көрсетті — үш есе көп. Бір рет құюға арналған кәдімгі қалып бұл станокта толмас еді.

Шешім

Фигуралар қалыбына үш бөлек құю тесігі жасалды: ол үш рет толтырылады, 3 + 3 + 2 фигура, әрқайсысы 80 г шегінде. Пешкаларға — екінші қалып. Екінші түс үшін қалыптар қайта құйылады. Алюминийді өзіміз сатып алып, фрезерледік.

Жоба параметрлері

Бұйым
2 қалып: фигуралар және пешкалар
Қалып материалы
Алюминий
Фигуралар қалыбы
8 фигура, 3 құю тесігі, 3 + 3 + 2
Тапсырыс беруші станогы
Қол термопластавтоматы, бір бүркуде 80 г
Қажетті көлем
Бір түсті фигураларға 240 г
Пластик
Қайта өңделген PET
Патшаның биіктігі
50 мм
Жобалау
Fusion 360, қатты денелі модельдер
FREZER
Дизайн, 3D, есеп, қалыптарды фрезерлеу
Тапсырыс беруші
Сынақ құймалар және шахмат шығару
Мерзімі
20–30 күн, мамыр 2025

Қалыптар алғашқы сынақтан-ақ жұмыс істеді.

Сынақ құймаларды тапсырыс беруші жасады — қалыптарды түзетудің қажеті болмады. Eco Network пен Ecohub.almaty қайта өңделген пластиктен шахмат шығаруды бастады.

240 / 80 гқажетті көлем және станок бүркуі
3бір құйманың орнына
0сынақтан кейінгі түзету
ЭСКИЗДЕН ДАЙЫН БҰЙЫМҒА ДЕЙІН

Ұқсас бұйым керек пе?

Термопластавтоматыңызға қалып керек пе? Бұйым өлшемдері мен бүрку көлемін жіберіңіз.

Сізге ыңғайлы тәсілмен жазыңыз

+7 771 400 48 74 · Дс–Жм, 9:00–18:00 аралығында жауап береміз